Адал азамат

Ноя 3, 2025

Ортаңғы «Бәйтерек» тобында «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Күзгі қолшатырлар» тақырыбында қызықты аппликация сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты — балалардың еңбекқорлығын, ұқыптылығын, бір-біріне көмектесу сезімін және шығармашылық іс-әрекетке қызығушылығын дамыту. Сабақ барысында балалар бастаған істерін соңына дейін жеткізуге, бір-біріне көмектесуге, ынта мен мейірімділік танытуға үйренді.

Балалар түрлі-түсті қағаздан әдемі қолшатырлар жасап, аппликацияны үлкен қызығушылықпен орындады. Шығармашылық жұмыстан кейін көңілді «Қолшатырмен ойын» өткізілді. Бұл ойын балалардың қимыл-қозғалысын, зейінін және топпен бірлесіп әрекет ету дағдысын дамытуға ықпал етті.
Сабақ қуанышты және ынтымақтастық атмосферасында өтті, балалардың адалдық, еңбекқорлық және өзара сыйластық сияқты қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті.
Бұл қасиеттер «Адал азамат» бағдарламасы аясында дамытылады.